Италияның тағы бір қаласында үйлер 1 еуродан сатылып жатыр

Италияның тағы бір қаласында үйлер 1 еуродан сатылып жатыр

Италияның тағы бір қаласында үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
ашық дереккөзі
Сицилияның тағы бір қаласы Кастильоне-Ди-Сицилияда үйлер 1 еуроға сатылымға шығып жатыр, - деп хабарлайды cnn.com. Этна тауының баурайында орналасқан қалада 900-ге жуық үй сатылады. Олардың көпшілігі қаланың ескі ауданында орналасқан. Олардың жартысына жуығы бұзылып, 1 евро (1,20 доллар) бағамен беріледі. Арасында 4000 - 5000 евродан бастап бағаланған үйлер де кездеседі.  width=
"Бізде тарихқа толы үлкен архитектуралық мұра бар. Уақыт өте келе көптеген адамдар кетіп, ескі, көркем үйлерді тастап кетті, олардың көпшілігі тіпті Қайта өрлеу дәуірінің мұрасына жатады. Біз жер кадастрының карталары мен деректері негізінде әрбір меншікті каталогтау арқылы үлкен зерттеу жүргіздік. Олардың шартына сәйкес ғимараттар 1 евродан бастап әртүрлі бағамен сатылады", - дейді қала мэрі