Зейнеткердің жарақаты қоғамдық көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін елемеуінің салдары болды, деп хабарлайды Павлодар-онлайн. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Қария автобуста келе жатқанында, қиылыстардың бірінде жүргізушінің күтпеген жерден тежегіш басқанын айтып шағымданды. Қарт кісі жерге құлаған", — деді Павлодар облыстық полиция департаменті.Солайша зейнеткердің қабырғасы сынған. Полиция бұл факт тіркелгенін, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын қосты.