Жанжалға байланысты орнынан кеткен Өскеменнің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Жанжалға байланысты орнынан кеткен Өскеменнің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Жанжалға байланысты орнынан кеткен Өскеменнің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Үш жыл бұрын болған шулы оқиғаға байланысты лауазымынан айырылған Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінде жаңа лауазымға ие болды, деп хабарлайды sputnik.kz. Сауда министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Тұмабаев департаментінің директоры болып жұмыс істейді. Айта кетейік, Тұмабаев 2017-2018 жылдары Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болған. 2018 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жол-көлік оқиғасы болды. Қала әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған еді. Апат кезінде көлікте Қуат Тұмабаевтың да болғаны анықталды. Тұмабаев оқиға орнынан кетіп қалды, бірақ артынша оны полиция ұстаған болатын.