Пәкістандағы терракт: Содырлар қытай елшісін жарып жібермек болған

Пәкістандағы терракт: Содырлар қытай елшісін жарып жібермек болған

Пәкістандағы терракт: Содырлар қытай елшісін жарып жібермек болған
ашық дереккөзі
Пәкістанның Кветта қаласындағы Серена қонақ үйінде терракт болды. Конақ үйдің көлік тұрағында бомба жарылып, кем дегенде төрт адам қаза тапты, 11 адам жарақат алды,-деп хабарлайды rg.ru. Жарылыстың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланды. Бастапқыда Қытайдың Пәкістандағы Елшісі шабуылдың құрбаны болды деп хабарланған. Кейінірек Пәкістанның ішкі істер министрі шейх Рашид Ахмад ARY News TV-ге "қонақ үйде жарылғыш заттарға толы көлік жарылды" деп хабарлады. Ол қытай елшісі Нонг Ронг осы уақытта іс-шарада жүргенін, сондықтан қонақ үйде болмағанын айтты. Балужистан провинциясының ішкі істер министрі Зиаулла Ланго тілшілерге Нонгтың жағдайы жақсы екенін және оның Кветтаға сапары бейсенбіде аяқталатынын айтты. Нонг Ронг осы күні қалада провинцияның Бас министрі Джам Камалмен кездесті, деп хабарлайды провинция үкіметінің ресми өкілі Лиаката Шахвани. Террорлық шабуылдың жауапкершілігін "Талибан" Пәкістан бөлімшесі өз мойнына алды. Содырлар Балужистанның тәуелсіздік алғанын қалайды және Қытайдың осы аймақтағы ірі инфрақұрылымдық жобаларына қарсы. Соңғы кезде бұл топ және басқа да әскери ұйымдар Ауғанстан шекарасына жақын тайпалық аудандарға шабуылдарды күшейтті.