Айсұлтан Сейітов алғаш рет толықметражды фильм түсірді

Әлемге танымал жұлдыздар – реперлер мен орындаушылардың бейнебаянын  түсіріп жүрген қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітов «ҚАШ» атты толықметражды фильмінің түсірілімін аяқтады, – деп хабарлайды NEGE.KZ 

23d5c1b862c9d2db85dde8473b90e994

«Бірнеше күн бұрын «ҚАШ» атты алғашқы фильмімнің түсірілімін аяқтадық. Осы іске атсалысқан азаматтардың бәріне алғыс айтамын. Жаңа туындыма қатысты әзірге егжей-тегжейлі ақпарат бере алмаймын, бірақ жақында бәрін білесіздер», – деп жазды жас режиссер.

Жаңа кинотуындының сценарийінің авторы – Абылай Нұрманбетов.
Еске сала кетейік, Айсұлтан Сейітовтің МЧТ деген атпен танымал отандық рэп-орындаушымен (шын есімі – Айдын Нұралин) бірлесіп түсірген «Неведомый мир» атты видеоклипі BooooooooomTV-ның «2020 жылдың үздік музыкалық видеосы» сыйлығын жеңіп алған болатын.

Back to top button