Мектепке қабылдау жүріп жатыр: Министрлік өтініштерді электронды форматта қалай тіркеу керектігін ескертті

ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, алты жасар және биыл 6 жасқа толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. 20 күннің ішінде 75 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Министрлік өтініштерді қабылдау электрондық форматта egov.kz арқылы жүргізілетінін және қандай құжаттар қажет екенін хабарлады. Мектепке келесі құжаттарды ұсыну қажет: – баланың туу туралы куәлігі; – баланың денсаулық жағдайы туралы құжат (№026/у-3 нысаны бойынша бала денсаулығы паспорты, №063/у нысаны бойынша медициналық анықтама); –  3х4 көлеміндегі 2 фотосурет. «Қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде тұратын ата-аналар медициналық анықтамаларды оқу жылының басталуына дейін тапсыра алады. Айта кетейік, биыл пандемияға байланысты мектепке қабылдау құжаттары 1 сәуірден бастап электронды форматта жүргізілуде. Құжат қабылдау тамыз айына дейін жалғасады.