Бауыржан Байбек жылу электр орталықтарының экологияға әсері туралы айтты

Бауыржан Байбек жылу электр орталықтарының экологияға әсері туралы айтты

Бауыржан Байбек жылу электр орталықтарының экологияға әсері туралы айтты
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Тәңірберген Бердіоңғаровқа сұхбат берді. Бұл сұхбатта партия жұмысының жай-жапсары, сонымен қатар Болашақ степендиясы, жер мәселелерімен қатар жылу электр орталықтарының экологияға әсері туралы да сөз қозғалды. «Сізді көмір мафиясын қолдауға қатысы бар деген сыбыстар да айтылып жүр» деген Бердіоңғаровтың сұрағына партияның бірінші орынбасары жауап бере отырып, жылу электр орталығының қоршаған ортаға әсері туралы және экологияны жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізу керектігін сондай-ақ қоршаған ортаның ластануы бір ЖЭО-2 шектелмейтінін айтып өтті. «Екі сұраққа қатар жауап берейін,  біріншісі – жылу электр орталықтары туралы. Ең алдымен, мені көмір мафиясына қолдау білдіріп, жылу электр орталықтарын газдандыруға кедергі жасады деген айыпты жоққа шығарамын. Қала да ағза сияқты, оны сауықтыру үшін тек бауырын емдеумен шектелуге болмайды, мәселеге кешенді келу керек. Біз автобусқа бөлінген жолақтар, веложолдар, жүргіншілерге арналған жолдар, такси, автобустар, метро және ЛРТ жобасын жүзеге асырдық. Nur Otan» партиясы тағы да осы 5 жыл ішінде ЖЭО-ны жаңғыртуды сайлау алдындағы бағдарламаға енгізді. Үкімет пен басшылар халықты газбен қамтамасыз етуі тиіс», – деді Бауыржан Байбек сұхбатта. Сонымен қатар инвесторлар тартылды, қалада электр автобустарының зауыты салынды. Кәсіпорын шығарған Мерседес стандартындағы электрлі автобустар Төле би көшесімен жүріп жүр. Бұл компания Нұр-Сұлтанда төл автопаркін ашты. Қоғамдық көлікті дизельден газға, газдан электр автобустарына көшу және машиналар санын азайту міндеті тұрды. Осындай нақты, түсінікті, жүйелі стратегия болды. Алматылықтар оған куә, өз көздерімен көрді. Біз жасыл автобустарды жолға шығардық. Мегаполисімізге келген сайын байқаймын, 10 автобус кейін 20, 50, 100-ге көбейген. Ескілері жаңасына ауыстырылуда. Алматылықтардан осы үшін жылы сөздер естіп жүрміз. Енді жылу электр орталықтарының экологияға тигізетін әсері туралы мәселе. Статистикаға зер салатын болсақ, (бұл ақпараттың барлығы ашық дереккөздерде тұр) зиянды қалдықтардың 70-80 пайызы жеке автомобильдерден шығатынын байқауға болады. Пандемия басталып, қатаң карантин шаралары енгізілген кезде көліктер қаңтарылып тұрды, сол кезде ауа да тазарды. Оған бәріміз куәміз, бәріміз бұл жайтты анық байқадық. Яғни 70-80 пайыз қалдық көліктерден тарайды. Тек 11 пайызы – ЖЭО-2 көмірінен», – деп жауап берді Бауыржан Байбек. Оған қоса партия Төрағасының бірінші орынбасары өте зиянды қалдықтар туралы сөз қозғады.