Алматыдағы “аждаһа” рұқсатсыз қиратылған

Алматыдағы “аждаһа” рұқсатсыз қиратылған

Алматыдағы “аждаһа” рұқсатсыз қиратылған
ашық дереккөзі
Алматы қаласындағы Құрманғазы-Достық көшелерінің қиылысында орнатылған белгілі суретші Владимир Твердохлебовтың «Аждаһа» («Дракон») атты мозаикасы қиратылып тасталғаны туралы айтылған еді.  Қала құрылысын бақылау басқармасы мозаикаға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу туралы хабарлама түскен жоқ, - деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz. ⠀ “Аждаһа” белгілі алматылық мүсінші Владимир Твердохлебовтың туындысы. Ол оны 2002 жылы Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысындағы мейрамханаға арнап салған. Мозаиканың иесі өз туындысының бұзылып тасталуы мүмкін екенін өткен айда білген көрінеді. Себебі ол наурыз айында әлеуметтік желіге «Кеше кешке серуендеп келе жатып, мен Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысындағы тай мейрамханасының жазғы кафесінің бұзыла бастағанын байқадым. Бүгін иелерімен сөйлесуге бардым, оларды таба алмадым. Бірақ ол жердің күзетшілеріне телефонымды  қалдырып, басшыларының менімен байланысуын өтіндім. «Аждаһа» мозаикасын мұқият бөлшектеп, сақтауға болады. Мен оны қалай жасау керектігін көрсетемін», –  деп жазған еді бір ай бұрын суретші.