Семей әкімдігі қалалық мәслихатпен бірлесіп "Семей қаласының елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы" қаулысын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz. Қаланың шекарасы үш елді мекенді қосу есебінен кеңейтіледі: Алғабас ауылдық округінің Алғабас ауылы, жалпы алаңы 22 853,1 га; Абыралы ауылдық округінің Абыралы ауылы, жалпы алаңы 13 511,5 га; Қараөлең ауылдық округінің Қайнар ауылы, жалпы алаңы 23 017,27 га. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ құжат бекітілгеннен кейін жер-есепке алу құжаттамасына қажетті өзгерістер енгізеді.
Жүктелуде...