Басты мақсат – партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру

Басты мақсат – партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру

Басты мақсат – партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру
ашық дереккөзі

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталовтың төрағалығымен облыстық Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті.

Күнтәртібіндегі бірқатар сұрақ бойынша Бюро мүшелерінің дауыс беруімен құжаттар, кестелер бекітілді.

Атап айтсақ, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының XХVIII есеп беру-сайлау конференциясын шақыру, күн тәртібін бекіту және делегаттарды сайлау жөніндегі квота мәселелері қаралып, сонымен қатар, облыстық Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аймақтық қоғамдық кеңестердің төрағаларын, құрамын және ережелерін бекітіп, алдағы мақсаттары анықталды.

Партияның Саяси кеңесі Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына «NurOtan»-ның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарын іске асырыруды бақылайтын 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылғаны мәлім.

Алматы облысында бұл мақсатқа 12 қоғамдық кеңес құрылды.

Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева кеңестің міндеті мен мақсаты – партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру және әр бағытты уақытылы бақылау екенін айтады.

«Коғамдық кеңестердің ережелеріне сәйкес, отырыс тоқсанына бір рет өткізіледі. Кеңестердің сапалық құрамында әйелдердің 30% және 35 жасқа дейінгі жастардың 20% ескерілді, басқа ұлт өкілдері және партия жақтастары кірді. Жалпы құрамға мәслихат депутаттары, кадрлық резерте тұрған кандидаттар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілді», – деп атап өтті ол.

Атап айтсақ, қоғамдық кеңес төрағаларына келесі азаматтар бекітілді:

  • Өңірлік даму бойынша – Руслан Қожасбаев;
  • Аграрлық сектор бойынша – Елдос Үшкемпіров;
  • Экономиканы дамыту және кәсіперлікті қолдау бойынша – Гүлмира Ахметова;
  • Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау мәселелері бойынша – Серік Мұқанов;
  • Білім мен ғылымды дамыту бойынша – Гүлжан Ерубаева;
  • Ұлт денсаулығы мәселелері бойынша – Гүлнәр Құраметова;
  • Мәдениет пен өнерді дамыту «Мирас» қоғамдық кеңесіне – Нүсіпбай Абдрахим;
  • Экология мәселелері бойынша – Мұрат Аубакиров;
  • Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша – Әсет Қыдырманов;
  • Жастарды қолдау бойынша – Әсел Төлепбергенова;
  • Партияның бақылау комиссиясы бойынша – Қуат Баймырзаев;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесіне – Римма Салықова жетекшілік етеді.

Жиын соңында облыстық және аудан, қалалық партия филиалдары Саяси кеңесі Бюросының отырыстарын, бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары мен конференцияларын өткізу кестесі бекітілді.