Қытайдың Ганьсу провинциясындағы Дуньхуан қаласының маңында түйелерге арналған бағдаршам орнатылып жатыр. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда түйелер, ал қызыл түсі жанғанда туристер жолдан өтеді. Дуньхуан – шөлде орналасқан қала және оазис. Ол ілкіде Ұлы Жібек жолында Қытайға қақпа қызметін атқарған. Өңірге келушілер арасында түйе турларына сұраныс жоғары. Соның әсерінен түйе саны да өте көп.
Жүктелуде...