Ақтауда жеңіл көлік жарылды (видео)

Ақтаудың 34-шағын ауданында Daewoo Nexia автокөлігі өртенгені туралы хабарлама 12 сәуірде сағат 23.28-де төтенше жағдайлар департаментіне келіп түсті»,-деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар келгенге дейін сыйымдылығы 65 литр газ баллоны жарылған.

«23.45-те өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге сегіз құтқарушы мен тоғыз техника жұмылдырылды», – деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Назарәлі Селимов.

 

Back to top button