Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қорында азық-түлік таусылуға жақын

Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қорында азық-түлік таусылуға жақын

Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қорында азық-түлік таусылуға жақын
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасының өсуін тежеуге тырысып, барлық қорды сатқан. Қазір онда тек қант қалды. Бұл туралы 13 сәуірде өткен брифингте Нұр-сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина хабарлады. Оның айтуынша, қала бойынша бағаны тұрақтандырудың екі тетігі іске асырылып жатыр. Біріншісі -  тұрақтандыру қорын қалыптастыру, екіншісі - айналым схемасы. Тұрақтандыру қоры бойынша ұн, күріш, қант сатып алынған, бірақ биыл қорда тек қана қант қалды. Ермолдина әкімдік айналым механизміне көп көңіл бөлетінін, сауда желілеріне отандық өнімді қайта сатуға жеңілдікті несиелер берілетінін айтты. Оның пікірінше, бұл халықтың неғұрлым кең топтарын осы жеңілдікті кредиттеумен қамтуға мүмкіндік береді.
"Азық-түлік қауіпсіздігін жүйелі шешу үшін инвесторлар үш көтерме-тарату орталығын, жалпы ауданы 52 га екі жылыжай кешенін және қуаттылығы 10 мың тонна жылыжай салу үшін тартылды. Бұл жобаларды біз 2022-2023 жылдары іске асыруды жоспарлап отырмыз. Инвестицияның жалпы көлемі 40 млрд теңгеден асады", - деді Ермолдина.
Оның айтуынша, 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін бағаны тұрақтандыруға шамамен 4,6 млрд теңге бөлінген. Биыл қосымша 1,2 млрд теңге бөлінді.