338
Зеленский Украина Ресейдің басып кіруіне дайын екенін айтты
Зеленский Украина Ресейдің басып кіруіне дайын екенін айтты
Украина Ресейдің басып кіруіне тас-түйін әзір отыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды CNN.
Зеленскийдің мәлімдеуінше, Ресейдің Украинаға басып кіруі әбден мүмкін жағдай, ал оған Украина дайын.
«Әрине, біз мұны білеміз. 2014 жылдан бері кез келген күні болуы мүмкін жағдай екенін түсінеміз. Бірақ біз әзір отырмыз, өйткені біз өз жерімізде, өз территориямызда тұрып жатырмыз» деді Украина президенті.
Владимир Зеленский 8 сәуірде Донбасқа іссапармен барды. Онда ол әскерилердің хал-ахуалымен танысып, әзірлігін пысықтады.
Кейіннен В.Зеленский Стамбұл қаласына барып, Түркия президенті Режеп Эрдоғанмен кездескен болатын.