Гроссмейстер Динара Сәдуақасова интернеттің нашарлығына байланысты халықаралық турнирден шығып қалды

ашық дереккөзі
Гроссмейстер Динара Сәдуақасова интернет байланысындағы ақауларға байланысты Polgar Challenge халықаралық турнирінен шығып қалды. Бұл туралы шахматшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Қымбатты достар, интернеттің тұрақсыздығына байланысты Polgar Challenge турнирінен шығуыма тура келгенін хабарлауға мәжбүрмін. Турнирге шахмат жағынан да, техникалық жағынан да дайындалдым. Бірақ мен ойнаған барлық жеті партияда да интернетке байланысты қиындықтар болды", - деді Сәдуақасова. Ол әр партияда интернетті көбірек ойлауға тура келгенін айтты. "Үш провайдердің байланысын қолдандым, ештеңе көмектеспеді. Жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардан тағы да кешірім сұраймын", - деді шахматшы.