Ақпаратқа қарағанда, 7 сәуірде Аламүдүн аудандық милициясына Арашан және Чокморов ауылдарына жақын жердегі жазық далада көлікте әйелдің және ер адамның денесі табылғаны жөнінде мәлімет түскен.
Тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, Айзада Қанатбекованы ұрлаған деген күдікке ілінген ер адамның "Honda Civic" маркалы көлігін тапқан. Оның ішінен іздеу жарияланған бойжеткеннің денесі мен өзіне пышақ сұғып қаза болған ер адамның мәйіті табылған.
Бастапқы тергеу мәліметі бойынша, екеуінің ортасында жанжал шығып, күдікті қызды өлтіріп, артынан өзіне пышақ салған. Тиісті сот медициналық сараптама тағайындалған.
5 сәуірде таңғы сағат 7:30 шамасында Бішкек қалалық милиция қызметіне Тыныстанов пен Медеров көшелерінің қиылысынан белгісіз адамдар қызды ұрлап кеткені жөнінде ақпарат түскен.
Тергеу материалдарына сәйкес, 27 жастағы бойжеткенді үш ер адам "Honda Civic" маркалы көлікке салып, белгісіз жаққа алып кеткен. Бұл факт бойынша тергеу басталған.
316
Ер адам алып қашқан қызын өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсаған
Ер адам алып қашқан қызын өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсаған
Бішкектегі көшелердің бірінен ұрланған 27 жастағы Айзада Қанатбекованың мәйіті табылды.
Оны алып қашты деп күдіктелген 31 жастағы ер адам қызды өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсап, жанын қиған. Бұл туралы Бішкек қалалық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.