COVID-19: Ақтауда автобус жолаушыларына қатысты жаңа ереже енгізілді

COVID-19: Ақтауда автобус жолаушыларына қатысты жаңа ереже енгізілді

COVID-19: Ақтауда автобус жолаушыларына қатысты жаңа ереже енгізілді
ашық дереккөзі
407
Ақтауда бетпердесі жоқ жолаушыларды кондукторлар автобустарға кіргізбейді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы. Облыстың бас санитар дәрігерінің 6 наурыздағы қаулысына орай, өңірде санитарлық-дезинфекциялық шаралар мен маска тағу режимін қатаң сақтау күшейтілген.
"Құжатқа сәйкес, автобустардағы жолаушылардың орналасуы орындар санынан аспауы керек. Сондай-ақ, бұдан былай маска режимі сақталмаса, кондукторлар жолаушыны автобусқа кіргізбеуге құқылы", – делінген ақпаратта.
Ал қалалық әкімдік тарапынан 8 сәуірден бастап арнайы рейдтер жүргізіліп, "бетпердесіз" жолаушыларды анықтау жоспарланған. "Коронавирустық індет қайта қарқын алуда: көрші үш облыс "қызыл" аймаққа кірді. Осыған байланысты азаматтардан санитарлық талаптарды сақтап, қоғамдық көліктерде маска тағып жүруді сұраймыз", – делінген әкімдік хабарламасында.  

Серіктес жаңалықтары