Кенесары ханның бас сүйегі Қазақстанға қайтарылмақ

Кенесары ханның бас сүйегі Қазақстанға қайтарылмақ

Кенесары ханның бас сүйегі Қазақстанға қайтарылмақ
ашық дереккөзі
1181
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов Кенесары ханның бас сүйегін қайтару жұмысының басталғаны жөнінде сүйінші хабар жеткізді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды. Тарихшының айтуынша, Кенесары ханның бас сүйегін қайтару бойынша жұмыстар басталып кетіпті. Ол сондай-ақ, өзінің Ресей Мәдениет министрлігі құрған арнайы комиссия құрамына шақырту алғанын мәлімдеді. Тарихшының сөзінше, Қазақ хандығының соңғы ханының бас сүйегін қайдан, қалай тапқаны туралы ақпарат әзірге құпия болып отыр. ”Мен ұлы ханның бас сүйегін қайтару үшін құрылған сарапшылар комиссиясының құрамына кірдім. Бүгіннен бастап ұлттық тарихымыздың мүлде жаңа кезеңі басталады. Бүгін ынтымағы жарасқан екі мемлекет Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тарихында жаңа деңгейге өтеміз, достығымыз одан әрі нығайып, бейбіт қарым-қатынас тереңдей түспек. Мен Ресейдің Мәдениет министрлігі тарапынан Кенесары ханның бассүйегін қайтару жұмыстары бойынша ресейлік сарапшылар комиссиясының құрамына шақырту алдым. Келістім. Сүйінші! Кенесары ханның бассүйегі табылды! Мен оның қалай табылғаны немесе оның қай жерде жатқаны туралы нәзік нәрселерді жеткізе алмаймын. Ол белгілі бір ресмилікті талап етеді және ол дипломатиялық деңгейдегі дүние. Бірақ бұл бастаманы Ресейдің жоғары билік өкілдері көтеріп отырғаны анық!”, – деп жазды тарихшы Зиябек Қабылдинов.

Серіктес жаңалықтары