Банк қызметкері жұмыс орнынан 29 миллион теңгені ұрлаған

Банк қызметкері жұмыс орнынан 29 миллион теңгені ұрлаған

Банк қызметкері жұмыс орнынан 29 миллион теңгені ұрлаған
ашық дереккөзі
211
Жезқазған қаласының полицейлері ақша ұрлаған ұрыны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. 10 ақпанда Жезқазған қаласының Полиция басқармасының кезекші бөліміне қалалық банктердің бірінің 25 жастағы кассирі ақша жымқырғаны туралы хабарлама түскен. Келтірілген шығын 29 миллион теңгені құрады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ақшаның банкке тиесілі екенін, ер адам жұмыс орнында жазба қалдырғанын анықтады. Бір жарым айдан кейін жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындады. Ақшаны өз қажетіне толықтай жұмсап жібергені туралы айтқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлімі (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы категория бойынша: « Маңғыстаудың тасжолдарын шаңды дауыл басты Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы әскери емханалар уақытша стационарға ауыстырылды »

Серіктес жаңалықтары