343
Елімізде арақтың ең төменгі бағасы белгіленді
Елімізде арақтың ең төменгі бағасы белгіленді

Қазақстанда арақ және күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төменгі бөлшек сауда бағасы белгіленді, деп хабарлайдыМемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
«Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» 2021 жылдың 31 наурызындағы № 187 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. Осыған сәйкес арақтарға және күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағасы литріне 1 980 теңге мөлшерінде белгіленді», делінген хабарламада.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.