Алматы облысында мас жүргізуші көлігімен қаққан екінші оқушы 4 cәуір күні көз жұмды. Қайғылы жағдайды Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова растады. Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында мас жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан 4 оқушы қызды көлігімен қағып кетті. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Балалар 8-9 жаста. 14 наурыз күні оқушының бірі есін жимастан көз жұмды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алды.
Жүктелуде...