БҚО-да нан өнімдері комбинатынан өрт шықты

Батыс Қазақстан облысында нан өнімдері комбинаты өртенді. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлады.

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мереке Жұмағалиевтің мәліметінше, «Шыңғырлау нан өнімдері комбинаты» ЖШС қоймасында шатыр жанып кеткен.

– Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және өрт сөндіру қызметінің үш техникасы жұмылдырылды. Суды «Комтехсервис» ЖШС қызметкерлері жеткізді. Өрт салдарынан жалпы ауданы 1500 ш.м. шатыр құлады, өрт алаңы 360 ш. м, зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады Жұмағалиев.

Back to top button