Мәулен Әшімбаевтың анасы, жазушы Шәрбану Бейсенованың жаңа кітабы жарық көрді

Мәулен Әшімбаевтың анасы, жазушы Шәрбану Бейсенованың жаңа кітабы жарық көрді

Мәулен Әшімбаевтың анасы, жазушы Шәрбану Бейсенованың жаңа кітабы жарық көрді
ашық дереккөзі
410
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев фейсбуктегі парағында анасы, жазушы Шәрбану Бейсенованың жаңа кітабы туралы өз ойын білдірді. Онда былай делінген: Анам, жазушы Шәрбану Бейсенованың «Ұлы дала арулары» деген сериямен жарық көрген еңбектері көпшілікке белгілі. Осыған дейін «Сүйінбике», «Бозоқ аруы» атты туындылары басылып шыққан еді. Бүгін аталған серия аясында «Ұрпағына ұран болған аналар» атты үшінші кітап қалың оқырманға жол тартты. Бұл еңбекте тарихымызда есімдері ерекше аталатын аяулы аналарымыз бен ару қыздарымыздың ұлтқа үлгі, ұрпаққа өнеге болатын тағылымдары және елдік мүдде жолындағы игілікті істері кеңінен қамтылып жазылған. Соның ішінде Бөрте ханым, Қызай, Абақ, Қарқабат аналарымыз туралы құнды деректер келтірілген. Елдік істерге араласып, отбасының ғана емес, тұтас ұлттың ұйытқысы бола білген Рәбия Сұлтан бегім, Жаған бике ханым, Бопай ханым сияқты тарихи тұлғаларымыз да назардан тыс қалмаған. Кітаптың алғысөзінде айтылғандай, «Ұлы дала арулары» сериясымен жазылған еңбектерде тарихымыздағы аңыз да абыз аналарымыздың бәрі қамтылмағаны анық. Сондықтан алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады деп сенеміз. Өйткені мұндай туындылар – ұлттың шежіресінен сыр шертетін тарих қана емес, жас буынға айтар өсиеті мол қымбат қазына. Қазіргідей ақпараттар заманында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу тұрғысынан да ұтымды дүние екені сөзсіз. Жаңа кітапты көпшілікке таныстыру рәсімі Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалында өтті. Сол жерде Тұрсын Жұртбай, Сауытбек Абдрахманов, Жанболат Аупбаев ағаларымыз және басқа да қаламгерлер сөз сөйлеп, еңбектің алдағы жалғасы жөнінде өз ұсыныстарын білдірді. Осы ретте туындының тұсаукесер рәсімін ұйымдастырған Жазушылар одағының елордалық филиалына, оның басшысы Дәулеткерей Кәпұлы бауырымызға, Әлібек Асқаров ағамызға және осы еңбектің жарық көруіне атсалысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Асыл текті әзиз аналарымыз жайындағы жаңа кітаптың оқырманы көп болсын!  

Серіктес жаңалықтары