Көлік апаты бүгін түскі сағат 12:00 шамасында Абай саяжайындағы Наурызбай аумағында болды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. «ВАЗ-211440» автокөлігінің жүргізушісі Карьерная көшесінің солтүстік бағытында келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Нәтижиесінде КамАЗ көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-211440 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал оның 2002 жылы туған жолаушысы ауруханаға барар жолда қайтыс болды»,- деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚРҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша тіркелді.
Жүктелуде...