Қатаң карантин: Алматылық студенттер мен оқушылардың қалай оқитыны белгілі болды

Қатаң карантин: Алматылық студенттер мен оқушылардың қалай оқитыны белгілі болды

Қатаң карантин: Алматылық студенттер мен оқушылардың қалай оқитыны белгілі болды
ашық дереккөзі
278
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин жағдайында қаладағы ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары қалай оқитынын түсіндірді. Бұл ол туралы «Алматы» телеарнасының «Басты назарда» бағдарламасының эфирінде айтты.  «Оқушыларды төртінші тоқсанның аяғына дейін,ал студенттерді екінші семестрдің аяғына дейін қашықтан оқыту форматына көшірдік. Биыл наурыз айында оқушылар арасында індет жұқтыру  былтырғы жағдаймен салыстырғанда 4 есе көбейді», – деді Жандарбек Бекшин. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматының бас санитарлық дәрігері қалада анықталған коронавирустың жаңа штамдары туралы айтқан еді. Оның сөзінше, мутацияланған штамдардың инкубациялық мерзімі екі есе аз, ал таралу қарқыны екі есе жоғары.    

Серіктес жаңалықтары