сенбі, 19 сәуір, 2025

«Қаллеки» театрының қоржыны Құнанбай бейнесімен толықты

/
«Қаллеки» театрының қоржыны Құнанбай бейнесімен толықты
ашық дереккөзі
«Қаллеки» театрының қоржыны Құнанбай бейнесімен толықты Абылай хан, Зере, Абай сынды дара тұлғалармен ерекшеленетін «Қаллеки» театрының репертуары Құнанбай бейнесімен толықты.  width= Наурыздың 29, 30, 31  күндері  театрдың жаңа сахнасында осынау ауқымды қойылымның премьерасы өтеді. Тәуелсіздіктің және «Қаллеки» театрының 30 жылдығына орай сахналанған Таласбек Әсемқұловвтың «Құнанбай» драмасының қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Қоюшы суретшісі – Қанат Мақсұтов. Құнанбай бейнесін сахнада үш құрамда - Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Малаев, актер Нартай Сауданбекұлы сомдайды.
Бөлісу: