Қоғам қайраткері, Елбасының кіші қызы Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы екпе алды. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында вакцина салдыру сәтінен сурет жариялады. ⠀ "Вакцинация туралы әрқилы пікір бар және әркім өзі шешім қабылдауға құқылы. Демалыста болдым, Қытай вакцинасын салдырдым, өзімді жақсы сезінемін", - деп жазды Әлия Назарбаева Instagram-да. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дариға Назарбаева қандай вакцина салдыратынын айтқан еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram