188
COVID: Қазақстан "қызыл" аймаққа енді
COVID: Қазақстан "қызыл" аймаққа енді
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
2021 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр.
«Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан.
Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Ал Қазақстан «қызыл» аймаққа өтті.
Еске сала кетсек, Қазақстанда бір тәулікте 1 445 адам коронавирус жұқтырды. Ең көбі Алматы қаласында 545 адам. Елімізде 863 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазір емдеу мекемелерінде 24 180 адам короновирус инфекциясынан ем-дом алып жүр.