236
Түркия Мәдениет министріне «Абай» медалі табыс етілді
Түркия Мәдениет министріне «Абай» медалі табыс етілді
Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Наурыз мерекесіне орай Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойға барды. Бұл туралы осы аптада Түркия радио телевизия порталы хабарлады.
«Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсойды Бас хатшы Дүйсен Қасейінов қарсы алды. Қасейіновпен Наурыз отын алаулатқан министр оттың үстінен секіріп, төс соғып, темір ұрды. Ерсой осында түрік әлемін Наурыз мерекесімен құттықтады. Ол Наурыздың әлем халықтарының ортақ мұрасы болып қабылданғанын айтты. Түріксой іс-шараларын бүкіл әлемге таратып, мәдени қатынастарды нығайтуды мақсат еткендерін білдірді», деп жазды TRT.
Түркия телеарнасының дерегінше, Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов та Наурыз мерекесінің Түріксой және ұйымға мүше елдердің бастамасымен енді адам баласының мұрасы екенін, 2009 жылы ЮНЕСКО-да Адам баласының материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгенін еске салды. Ол артынан 2010 жылы 23 ақпан күні БҰҰ-ның 21 наурыз күнін Халықаралық Наурыз мерекесі деп жариялағанын айтты. «Іс-шара барысында түрік әлемінің билері сахналанды. Артынан министр Ерсойға Наурыз семени мен «Абай» медалі табысталды», деп жазады түркиялық БАҚ.