27 наурыз – халықаралық театр күні: Сахна өнері туралы қызықты деректер

27 наурыз – халықаралық театр күні: Сахна өнері туралы қызықты деректер

27 наурыз – халықаралық театр күні: Сахна өнері туралы қызықты деректер
ашық дереккөзі
2457
1961 жылы Халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен IX конгресінде 27 наурызды «Халықаралық театр күні» (World Theatre Day) деп бекітті. Жыл сайын көктем мезгілінің алғашқы айында бұл мерекені Халықаралық Театр институты мен дүниежүзіндегі театр қауымдастықтары атап өтеді. Бұл мереке дәстүрлі түрде "Театр – халықтар арасындағы өзара түсіністік пен бейбітшілікті нығайту құралы" деген ұранмен өтеді.
  • Әлемдегі ең үлкен театр "Судағы інжу" деп аталады. Ол 2007 жылы Пекинде ашылған.
  • Австрия әлемдегі ең кішкентай театрымен әйгілі. Ол "Кремль ауласы" деп аталады. Қойылымды тек сегіз адам ғана тамашалай алады.
  • Әлемдегі ең кішкентай қойылым сіріңке қорабында өтеді. Спектакльдің барлық декорациялары мен қуыршақтары сіріңке қораптарының ішінде орналасқан.
  • Әлемде билет алу жүйесі ерекше театр бар. Ол АҚШ-тың Вирджиния штатында орналасқан. «Бартер Театрына» кіру билетін ақшаға емес, тамаққа айырбастап алады.
  • Ежелгі Римде жұртшылық әрдайым қанды көріністі тамашалағанды жақсы көрді. Оған тек гладиаторлық шайқастар ғана емес, театрлық қайғылы оқиғалар да дәлел бола алады. Мысалы, егер қойылым барысында актер өлуге тиіс болса, соңғы сәтте актерды өлім жазасына кесілген қылмыскермен алмастыратын болған.
  • Ежелгі уақытта Сицилияда бір жылға созылатын қойылымдар сахналанған. Көрермендер күн сайын кеште таман қойылымның жалғасын көру үшін театрға жиналатын.
  • Алғаш рет фонограмма Ежелгі Римде пайда болған. Ливий Андроник есімді драматург пьесалар жазуымен қоса, сол қойылымдарда өзі ойнайтын болған. Бір күні оның дауысы шықпай қалып, қойылымды шегерудің орнына ол сахна артына актер орнына сөйлейтін адам қояды. Ал, өзі сахнада тек аузын жыбырлатып қана тұрған.
  • Иония театрларында бір қолы жоқ жауынгерлердің қасына тақыр бас құлдарды отырғызатын болған. Қойылым ұнаған жағдайда жауынгерлер шапалақтау үшін бір қолымен құлдың басынан соғады екен.
  • Грек ақыны Фриндих өзінің «Милетті жаулау» атты пьесасы үшін көп көлемдегі айыппұл төлеген. Мұндай айып қойылым барысында көрермен көз жасын тия алмағаны үшін ғана тағылған.
  • Барселондағы Teatreneu комедия театры күлкі үшін ақша төлеудің бірегей жүйесін енгізді. Онда көру залындағы орындықтардың артқы жағында көрерменнің ым-ишарасын, яғни күлгенін анықтайтын бағдарламамен жабдықталған планшеттер орнатылды. Ал планшет анықтаған әр күлкінің құны 30 еуро цент болды. Сондай-ақ, ең жоғарғы бағасы 24 еуроға жетті, яғни көрермен 80 рет күлімсірегеннен кейін, тегін күле алды. Бұл жүйе ұйымдастырушыларға ғана емес, көрермендерге де ұнады. Соның арқасында театр әкімшілігі айтарлықтай жақсы табыс тапты.

Серіктес жаңалықтары