«Құнанбай» қойылымы көрерменге жол тартпақ
«Құнанбай» қойылымы көрерменге жол тартпақ
ҚР Тәуелсіздігінің және «Қаллеки» театрының 30 жылдығына орай сахналанған «Құнанбай» драмасының қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Ал туынды авторы – белгілі жазушы, кинодраматург Таласбек Әсемқұлов. Қоюшы суретшісі – Қанат Мақсұтов.
Құнанбай бейнесін сахнада үш құрамда - Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Малаев, актер Нартай Сауданбекұлы сомдайды.
Спектакль премьерасына қатысты 29 наурыз күні сағат 17.30-да бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясына театр директоры, «Құрмет» орденінің иегері Ернар Жұматаев, театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай және режиссер Болат Ұзақов қатысады.
Спектакль премьерасы 29 наурызда сағат 19.00-де басталады.