197
Тбилисиде дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі басталды
Тбилисиде дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі басталды
Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан Grand Slam турнирі басталды. Аталған сынға Қазақстан атынан жалпы есебі 16 спортшы қатысуда, - деп хабарлайды Olympic.kz.
Бірінші жарыс күнінде ерлер 60, 66 келіге дейінгі, ал әйелдер 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. 60 келіде ел құрама сапынан татамиге Бауыржан Жауынтаев пен Тоқтар Үмітәлиев шықты. Бауыржан Жауынтаев алғашқы айналымда ресейлік Константин Симеонидистен, Тоқтар Үмітәлиев грузиялық Темур Нодадзеден ұтылып қалды.
Ғұмар Қырғызбаев 66 келіге дейінгі салмақта күресіп, бірінші айналымда ресейлік Якуб Шамиловтан жеңілді. Айболат Ыстыбай АҚШ балуаны Ари Берлинераны алғашқы айналымда иппон ұпайымен жеңді. Алайда, екінші қарсыласы, өзбекстандық Сардор Нұруллаевке есе жіберді. Қазақстан әйелдер сапынан 52 келіде Меруерт Сәрсенова бақ сынады. Ол Гвинея-Бисау спортшысы Тациане Цезардан, 57 келіде Севара Нишанбаева Бразиялия дзюдошысы Кетелин Насиментодан ұтылды. Осылайша, қазақстандықтар жарыстың бірінші күнінде іріктеу кезеңінен аспай, жарыстан жүлдесіз қалды.