Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, 24 наурыздағы жағдай бойынша 22 014 адам короновирус инфекциясынан (19 246 КВИ+ және 2 768 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 6 537 пациент стационарда, 15 477 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 304 адамның жағдайы ауыр;
- 75 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.