“Халық" қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға акция ұйымдастырды

“Халық" қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға акция ұйымдастырды

“Халық" қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға акция ұйымдастырды
ашық дереккөзі

2021 жылғы наурыз қарсаңында "Халық" Қоры тағы да азаматтық ұстанымын танытып, "Ел тірегі Елбасыдеген атқа ие болған ауқымды қайырымдылық акциясына бастамашылық жасады.

 width=

Қор пандемияның және онымен байланысты карантиндік шаралардың салдарынан қиын жағдайға тап болған аз қамтылған, көпбалалы, сондай-ақ ерекше қажеттілікке ие балалары бар отбасылар үшін азық-түлік жиынтықтарын сатып алды.

"Халық" қайырымдылық қоры 15 000-нан астам азық-түлік себетін дайындайды, әр себеттің салмағы-50 кг-нан асады, қазіргіуақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынғантізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде таратылуда.

Пандемияның алғашқы күндерінен бастап бұл денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ғана емес, біздің еліміз үшін нағыз сынақ екенi белгілі болды, сондықтан қазір бірлескен, ынтымақтастық күш-жігер бұрынғыдан дамаңызды.

 width= "Халық" қайырымдылық қоры бизнес-қоғамдастықтар мен басқа да қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін бірігуге және "Ел тірегі Елбасы" акциясын қолдауға шақырады.

 width=

Қор акцияны 2021 жыл ішінде бірнеше рет өткізуді жоспарлап отыр, өйткені бүгінде еліміздегі әл-ауқат үшін барлығымыз бірдей жауаптымыз.