Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі
ашық дереккөзі
  • 1992 жылғы 24 наурызда еліміздің Венгрия және Куба Республикаларымен дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталар қабылданды.
  • 1993 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республи­ка­сы Еуропалық Даму және Қайта кұру Банкіне мү­шелікке кірді.
  • 1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды.
  • 1997 жылғы 22 наурызда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ұлы­бри­танияға ресми сапары барысында Букингем сарайында Ели­завета II патшайыммен кездесті.
  • 2000 жылғы 22 наурызда Алматыда қазақтың тұңғыш ин­же­не­рі Мұхаметжан Тынышбаев тұрған үйге ескерткіш тақта орна­тылды.
  • 2004 жылғы 24 наурызда Астанада Еуразиялық қауымдастыққа мүше мемлекеттер премьер-министрлерінің басқосуы өтті. Қазақ­стан Үкіметінің басшысы Даниал Ахметов төрағалық еткен жиын барысында қауымдастық елдерінің интеграциялық әріптес- тік мәселелері, оның ішінде сауда-экономикалық, энер­гети- калық, әлеуметтік, басқа да салалардағы мәселелер талқыланды.
  • 2012 жылғы 19 наурызда Мәскеуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың қатысуымен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің және Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңесінің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы өтті.
  • 2014 жылғы 25 наурызда Қазақстан мен АҚШ басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме жасады.
  • 2015 жылғы 25 наурызда ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына және алғашқы қазақстандық ЮНЕСКО клубының 10 жылдығына орайластырылған «ЮНЕСКО жолымен: Бейбітшілік. Өнер. Жастар» халықаралық коллоквиумы өтті.
  • 2019 жылғы 19 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми БАҚ арқылы Қазақстан Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеді.
  • 2019 жылғы 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде Қазақстан халқы алдында ант берді.