Қазақ ғылымының бары мен жоғы

Қазақ ғылымының бары мен жоғы

Қазақ ғылымының бары мен жоғы
ашық дереккөзі
2020 жылғы мамырдағы  дерек бойынша елімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын 386 ұйым бар. ЮНЕСКО Статистика институты (UIS) Қазақстандағы әрбір миллион адамның 790-ында ғылыми атақ бар деген қоры­тын­дыға келген. Ал 2020 жылғы 27 қаңтардағы статистикалық мәлі­метке сүйенсек, еліміздегі ғалымдардың саны 24 мыңға жуық­тайды екен. Отандық ғылым: жағдайы мен бағдары Соңғы уақытта елімізде ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар кон­курсының саны едәуір артқан. Сонымен қатар, ғалымдарға, ғылыми жо­ба жетекшілеріне, ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар өз­геріп, ғылыми метрикалық көрсеткіштерге ерекше назар аударыла бас­та­ған. Web of Science Core Collection-да жарияланған қазақстандық ғы­л­ыми еңбектердің дәйексөз келтіру индексінің деңгейі 1,5 есеге өскен. Жүйелі әрі нәтижелі жұмыс атқару үшін бірқатар стратегиялық және бағ­дарламалық құжаттар, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жыл­дарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оған дейінгі 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама 93,4 пайызға орын­далған. Ұлттық тестілеу орталығы­ның мә­ліметтеріне сүйен­сек, 2020-2021 оқу жылына PhD док­тор­ларын даярлауға жалпы са­ны 2 355 грант бөлініпті. Жалпы елі­міздегі ғылыми жұмыстардың 56 пайызын жоғары оқу орындары жү­зеге асыра­ды. Таяу арада министрліктің қолдауымен конкурстық не­гізде еліміздегі үздік жоғары оқу орын­дары іріктеліп, орталық құрыл­мақ. Нәтижесінде, іріктеуден өт­кен университеттердің QS және Times Higher Education рейтинг­те­ріндегі бәсі жоғарыламақ. Жақында еліміздегі бес жоғары оқу орны осы QS World University Rankings рей­тин­гісіне кірді. Сондай-ақ докторанттарға оқу аяқталғаннан кейін ми­нистр­лік тарапынан төлемсіз тағы бір жыл беру жоспарланып отыр. Сол уақыт ішінде оқуды жалғас­тыру­­ға және ғылыми жұмысты санк­­­циясыз қорғап шығуға рұқсат етіледі. Одан бөлек, биыл Білім және ғы­лым министрлігі ғалым­дар­ға арналған гранттық кон­курс­тардың санын бес есеге дейін кө­бейтті. Ал осы мақсатқа бөлінетін қар­жы екі есеге ұлғайтылған. 2020 жылы гранттық жобалар­дың конкурсына 5 мыңнан астам өтініш түскен, бірақ қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты 4 мың жоба қабылданбаған. Жалпы ғы­лым­ды қаржыландыру жағынан көр­сеткішіміз дамыған елдерден едәуір төмен. Ғылымға қанша қаржы бөлінеді? Мемлекет басшысының тап­сыр­масы бойынша ғылым­ға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту мә­селесі де қаралды. Алдағы 2-3 жыл ішінде ғылымға қазіргіден 2 есе көп қаржы бөлінбек. 2020-2022 жыл­дары жас ғалымдарды қолдауға 9 миллиард теңге қарастырылып отыр. Finprom.kz порталының мә­лі­метінше, 2020 жылы республикалық бюджеттен ғылымға 16,3 миллиард теңге бөлінсе, ал 2019 жылы тек 154,8 миллион теңге қарастырылған. 2025 жылға қарай елімізде жал­пы ішкі өнімнің 1 пайызы ғылымға жұмсалады деп жоспарланып отыр. Ал қазір елімізде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жалпы ішкі өнімнің 0,2 пайызы жұмсалады. Бұл ретте Қа­зақ­стан халықаралық рейтингте 61-орында. Ресей Есеп палатасының сай­тын­дағы мәліметтерге сәй­кес, Ресейде ғылымға бөлінетін қар­жы жалпы ішкі өнімнің 1 пайы­зы­на тең. Оның көп бөлігі қолдан­балы зерттеулерге, қалғаны іргелі ғы­лым мен эксперименттерге жұм­салады екен. Бұл басқа қаржы­лан­дыруды есептемегендегі таза бюд­жет қаражаты. Ақ үйдің ресми сайтында жа­рия­­лан­ған ақпаратқа сәйкес, АҚШ-та жалпы ішкі өнімнің 1,3 пайызы ғы­лымға жұмсалады. Америкалық бұ­қаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ ғылымындағы же­ке қаражаттың үлесі мемлекеттік қар­жыландырудан едәуір асып тү­сіп, жалпы ішкі өнімнің 1,5-1,6 пайы­зына дейін жетеді екен. Демек, АҚШ-та орта есеппен ғылымға жал­пы ішкі өнімнің 3 пайызы жұм­са­лады. Ал Қытайдың ғылым мен тех­но­логияға бөлетін қаражаты жалпы ішкі өнімнің 2,2 пайызына тең. Eurostat статистикалық бюро­сы ұсынған мәліметтерге сәй­кес, Еуроодаққа мүше мемле­кет­тер ғылыми зерттеу жұмыстарына, жеке инвестицияларды есепке ал­ма­ғанда, 306 миллиард еуродан ас­там қаражат немесе жалпы ішкі өнім­нің 2,19 пайызын жұмсайды екен. 2020 жылы Еуроодаққа мүше мем­лекеттер ғылым шығындарын жал­пы ішкі өнімнің 3 пайызына дейін арттыруды жоспарлаған, бір­ақ пандемияға байланысты бұл нә­ти­жеге қол жеткізу мүмкін бол­мады. 2019 жылғы көрсеткіш бойын­ша, ғылымға ең көп қаржы жұмса­ған елдер қатарына Швеция (ЖІӨ-нің 3,39 пайызы), Австрия (ЖІӨ-нің 3,19 пайызы), Германия (ЖІӨ-нің 3,17 пайызы), Дания (ЖІӨ-нің 2,96 пайызы), Бельгия (ЖІӨ-нің 2,89 пайызы), Финляндия (ЖІӨ-нің 2,79 пайызы) кірген. Мақалалардың жарияланбауы – ең үлкен кедергі Ғылыми зерттеулердің нәти­желерін бағалау арқылы ұйым­дар мен елдердегі ғылыми өнім­ділікті салыстыратын InCites де­ректері бойынша 2015-2019 жыл­дар аралығында қазақ­стан­дық­тар­дың 14 852 ғылыми жұмысы жа­рияланған. Бұл – Web of Science Core Collection (15 488 645 ғылыми жұ­мыс) базасындағы материалдар­дың 0,10 пайызы. Осы көрсеткіш бойын­ша Қазақстан 214 елдің арасында 75-орында тұр. Аталған базадағы ресейлік ғылыми жарияланымдар­дың үлесі – 2,5 пайыз, (15-орында), Беларусь – 0,07 пайыз (81-орын), Ар­мения – 0,04 пайыз (96-орында), Қыр­ғыз Республикасы – 0,01% (138-орында). Қазіргі кезде ғылыми еңбектер базадан шығып қалған, ғылыми ор­тада анау айтқандай беделі жоқ басы­лымдарда жиі жарық көретін бол­ған. Себебі, лайықты журнал та­буға бірнеше ай уақыт кетеді. Тапқан күннің өзінде, мақаланың шығу-шықпауы екіталай. Оның ішінде, гуманитарлық, әлеуметтік саладағы мақалалар Web of Science Core Collection, Scopus базасындағы журналдарға жарияланбай жатады. Осы себепті де докторлық диссерта­ция уақытылы қорғала бермейді.  width= Тек біздің елде ғана емес, жал­пы алғанда шетелдік жоғары рейтингті журналдарға шықпай қалатын еңбектердің ішінде әлеу­мет­тік-гуманитарлық саладағы ма­қалалардың үлесі жоғары. Оның се­бептері де жоқ емес. Scopus базасы – Web of Science-тен­ кейінгі рецензияланған ғылыми әде­биеттердің ең үлкен дерекқоры. База халықаралық 5 000 баспаның 23 500-ден астам басылымын ин­декстейді. Scopus-та жарияланған ма­қала басқа басылымға шыққан ма­қалаларға қарағанда беделді са­налады. Осы себепті, Scopus база­сына кіретін басылымдарға ұсы­нылған кез келген ғылыми жұмыс өте қатаң іріктеуден өтеді. Әлемдегі ең ірі универси­тет­тер мен ғылыми ұйымдар Scopus дерекқорын пайдаланады. Сондай-ақ, QS World University Rankings, Financial Times және басқа да агенттіктер университеттердің әлемдік рейтингтерін жасау үшін Scopus деректер базасына жүгінеді.  width= Іргелі және қолданбалы ғы­лым­­дағы жаңалықтар мен өнер­табыстар экономикалық даму­дың, елдің өркендеуінің, интел­лек­туалдық потенциалдың өлшемі са­налатындықтан, ғылымның бәсі биік болғаны қашан да маңызды. Елі­мізде әлем мойындайтын, «еңбегі мен ақылы екі жақтан» ғалымдар же­терлік. Талапты жастардың да қара­сы қалың. Ғылымның дамуына жет­кілікті түрде көңіл бөлсек, әлем­дік ғылымнан ойып тұрып алар орнымыз, ашар жаңалығымыз бен алар еншіміз көп болары анық.