287
Талдықорғанда ішімдікке тойып алып, көшеде әйелін сабаған шенеунік қызметінен қуылды (видео)
Талдықорғанда ішімдікке тойып алып, көшеде әйелін сабаған шенеунік қызметінен қуылды (видео)
Талдықорған қаласы әкімдігі қызметкерлерінің басы дауға қалды. Өйткені өзара бас қосқан бірнеше шенеунік қоғамдық орындардың бірінде жиналған. Жиынның соңы шуға айналыпты.
Cол отырыста болған құрылыс бөлімінің басшысы көшенің қақ ортасында әйелін ұрып, қызметтік көлікке ішімдік ішкен күйінде отырып, полицейлерге ұсталды, деп хабарлайды 31 арна.
Телеарна мәліметінше, желіде тараған видеода әйелін ұрып жатқан Талдықорған қалалық құрылыс бөлімінің басшысы. Бұл ақпаратты әкімдік растап отыр.
"Видеодағы болған жанжал жаңағы әйелімен болған жанжал. Ол біздің Талдықорған қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы. Ішімдік ішіп алып, қызметтік машинаға отырып, айдаған. Ол факті нақты тіркелген полицияда", - деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы.
Ал жазба авторы шенеуніктің полицияға ұсталғанын, сараптамаға барғанын барлығын түсірген. Сонымен қатар, бұл кадларда Талдықорған қаласы әкімінің орынбасарының да жүргенін анық көруге болады.
"Үш көлікті көрдік, қызметтік автокөліктер. 068, 073, біреуі хюндай, біреуі киа, арасында жүрген камри 50 бар, 073 қой деймін. Мен "ты зачем жену свою бьешь" дегенді естіп қалдым. Қаулы бойынша караоке, барлар жұмыс істемеуі керек қой", - деді блогер Қайрат Абдрахман.
Расында қаулыға сәйкес Талдықорғанда караокелердің жұмыс істеуіне рұқсат жоқ.
Айта кетейік, даулы видеодағы шенеуніктерге қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр. 30 жастағы құрылыс бөлімінің басшысы жұмыстан уақытша шеттетіліпті. Және ол жеті жылға дейін көлік жүргізу құралынан айырылуы мүмкін.
https://www.youtube.com/watch?v=nrAd7eAGyfc