Әйгілі француз бренді саңырауқұлақтан сөмке өндіруге кірісті

Әйгілі француз бренді саңырауқұлақтан сөмке өндіруге кірісті

Әйгілі француз бренді саңырауқұлақтан сөмке өндіруге кірісті
ашық дереккөзі
470
Франциялық Hermes сән үйі калифорниялық MycoWorks стартапымен бірлесе отырып, мицелий – саңырауқұлақтардың тамыр жүйесінен жұқа жіптерден жасалған экобылғарыдан сөмкелер өндіре бастайды. Бұл туралы Fast Company басылымы хабарлады. "MycoWorks-тың көзқарасы мен құндылықтары Hermes тұжырымдамасына сәйкес келеді: табиғи шикізатқа деген құштарлық және оны өзгерту, заттардың практикалық және максималды ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік беретін жетілдіруге деген ұмтылыс",- деді Hermes сән үйінің арт-директоры Пьер-Алексис Дюма. MycoWorks және Hermes Sylvania деп аталатын материал жасады, ол бұзаудың терісіне ұқсайды, бірақ саңырауқұлақтардан жасалғандықтан экологиялық тұрғыдан әлдеқайда таза. "Материал жасау үшін мицелийдің жіптері қоректік ортада өсіріледі, нәтижесінде арнайы жабын пайда болады. Кептіруден кейін ол берік және икемді болады, сондықтан оңай тігіледі және органикалық пигменттермен боялады", - делінген материал сипаттамасында. Жаңа материалдан жасалған алғашқы өнім 2021 жылдың соңында сатылымға шығады. Ол Victoria саяхат сөмкесі болмақ.

Серіктес жаңалықтары