Семейлік полицей көпірден секірмек болған жасөспірімді құтқарды

Семейлік полицей көпірден секірмек болған жасөспірімді құтқарды

Семейлік полицей көпірден секірмек болған жасөспірімді құтқарды
ашық дереккөзі
232
Семей қаласында полиция қызметкері көпірден секірмек болған жасөспірімді құтқарды. Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 14 наурыз күні кешкі сағат 20:30 шамасында болған. Полиция сержанты Мақсат Ақылтаев жұмыстан тыс уақытта Ертіс өзеніндегі ескі көпір арқылы шаһардың оң жағалауына қарай көлік жуатын орынға беттеп келе жатты. «Кенет ол көпір жанында тұрған адамды көзі шалып қалған. Кешкі уақытта оның жалғыз тұрғаны күдік туғызғандықтан жол шетіне тоқтайды. Жақындай бергенде жасөспірім көпірден секіріп кетуге әрекеттенген. Оның суицид жасамақ болғанына көзі жеткен Мақсат әңгімеге айналдыра бастайды. Сәті түскенде аяғынан ұстап, артқа қарай тарқан», - делінген хабарламада. Жасөспірімді құтқарғаннан кейін Мақсат «102» жедел арнасына хабар беріп, ескі көпірге автопатруль жіберуін өтінген. Кейін ол орталық полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда жасөспіріммен психолог мамандар жұмыс істеуде.  

Серіктес жаңалықтары