955
Ғалымдар ақырзаман нақты қай жылы болатынын есептеді
Ғалымдар ақырзаман нақты қай жылы болатынын есептеді
NASA мамандары мен жапониялық ғалымдар Жер бетіндегі тіршілік қашан жойылатынын есептеп шығарды, деп хабарлайды Sputnik радиосы.
Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) мамандары Тохо университетінде жұмыс істейтін жапон ғалымдарымен бірге ақырзаманның нақты қай жылы болатынын анықтаған.
Nature Geoscience ғылыми журналында жарияланған зерттеу нәтижесіне күн радиациясы миллиард жылдан кейін Жердің атмосферасын толығымен жоятыны жайлы жызлған. Яғни ғалымдар 1 000 002 021 жылы ақырзаман болады деп болжап отыр.
Ғалымдар зерттеудің дәлдігіне көз жеткізу үшін жерде қай кезде тіршілік жойылатынын кем дегенде 400 мың рет есептеген екен. Айтуларынша, ақырзаманға атмосферадағы барлық оттегінің буланып кетуі себеп болады.