Пәтерде электросамокат жарылып, әкесі мен ұлы көз жұмды

Пәтерде электросамокат жарылып, әкесі мен ұлы көз жұмды

Пәтерде электросамокат жарылып, әкесі мен ұлы көз жұмды
ашық дереккөзі
277
Пәтерде қуат көзіне қосулы тұрған электросамокаттың жарылуы салдарынан Сочи тұрғыны мен оның ұлы көз жұмды, деп хабарлайды Lenta.ru Краснодар өлкесіндегі Тергеу комитетінің баспасөз қызметінің дерегінше, оқиғаның ықтимал себебі — қысқа тұйықталу. Тергеу мәліметтері бойынша, дүйсенбі, 15 наурызға қараған түні Красноармейская көшесіндегі көпқабатты үйдегі бөлмелердің бірінен өрт шыққан. Пәтерден 39 жастағы әйел терезе арқылы шығып үлгерген. Ал 43 жастағы ер адам мен 13 жастағы бала жан саулағай алмаған. Өрт сөндірушілер қызыл жалын ауыздықталғаннан кейін ғана әкесі мен ұлының денесін алып шықты. "Вести Сочи" мәліметтері бойынша, егер өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына дер кезінде келсе, марқұмдарды құтқаруға болатын еді. Бұған үйдің жанында тұрған көліктер кедергі келтірді. Жедел жәрдем де ғимаратқа кіре алмаған. Зардап шеккен тұрғынды екі аула арқылы медициналық көлікке қолдарына алып жүрді. Тергеушілер өрттің нақты себебін анықтайтын болады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары