Шымкентте балықтардың жаппай қырылуына өзен суының қатысы жоқ болып шықты

Шымкентте балықтардың жаппай қырылуына өзен суының қатысы жоқ болып шықты

Шымкентте балықтардың жаппай қырылуына өзен суының қатысы жоқ болып шықты
ашық дереккөзі
309
Шымкенттегі балықтардың жаппай қырылуына Бадам өзенінен аққан судың ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы қалалық экология департаменті мәлімдеді. Мамандар өзен суының төрт жерінен сынама алып, оны зертханаға жолдаған. Ал сараптама нәтижесі судың таза екенін анықтаған. Балықтарға зиян келтірер қауіпті ештеңе таппаған. Осыған дейін эколог мамандар ол жерде алдын ала болжам бойынша Бадам өзеніне құятын Сайрам суы лайланып аққандықтан, биологиялық оттегі қысымының төмен болуы мүмкін дегенді айтқан болатын. Алайда бұл бойынша да сараптама болжамды теріске шығарған. Дегенмен балықтардың өзенде не себепті жаппай қырылғаны әлі зерттеледі дейді департамент өкілі. "Зертханалық аналитикалық бөлімінің талдауы нәтижесінде шекті концентрацияның асуы анықталмады. Бұл жағдай сыртқы әсерден болуы мүмкін", - дейді  қалалық экология департаментінің бөлім басшысы Серік Сарбасов.

Серіктес жаңалықтары