Дубайдағы Дүниежүзілік үкіметаралық саммитте сөз сөйлеген британдық астрофизик Мартин Риз 2050 жылы Марсқа миллион адам жіберуді жоспарлап отырған «SpaceX» компаниясының негізін қалаушы Илон Маскты сынға алды.
Sky News-те жарияланған ақпаратта «Масктың идеясы қате және қауіпті елес... Марста өмір сүру Оңтүстік полюсте немесе Эверестте өмір сүруден гөрі нашар, мүлдем жақсы емес екені анық», - дейді Мартин Риз.