404
Смартфон көмегімен COVID-19-ды анықтауға болады
Смартфон көмегімен COVID-19-ды анықтауға болады
"BFM" телеарнасының хабарлауынша, COVID-19 сынағын өткізуге арналған жаңа құрылғысын Лилл университетінің ғалымдары жасаған. Құрылғы сыртқы көрінісінен қарапайым флэшканы еске түсіретін болып ол коронавирусты қоршап тұрған ақуыз қосылыстарынан әсерленеді.
Құрылғыны пайдалану үшін мобильді қосымшаға қосып, содан кейін мұрыннан алынған шырыштың аз мөлшері сынақ жолағына қойылады. Ғалымдардың айтуынша, инфекцияның жаңа түрін анықтайтын тест нәтижесі 10 минутта дайын болады. Құрылғы талдау мәліметтерін тәкелей телефон экранына жібереді. Сынақтар нәтижесінде құрылғы вирустың бар-жоғын 90% нақты дәлдікпен көрсеткен.