Қытайда тұратын 3 мыңға жуық этникалық қазақ сотталған – Мұрат Бақтиярұлы

Қытайда тұратын 3 мыңға жуық этникалық қазақ сотталған – Мұрат Бақтиярұлы

Қытайда тұратын 3 мыңға жуық этникалық қазақ сотталған – Мұрат Бақтиярұлы
ашық дереккөзі
489
Бүгін «Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның отырысы өтті. Аталған жиында қандастар мәселесі талқыланды. Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, комиссия төрағасы Мұрат Бақтиярұлы, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Батырхан Құрмансейіт, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының м.а. Ғалым Шойкин, СІМ КҚД Қазақ диаспорасымен жұмыс басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, Ішкі істер министрлігі Көші-қон комитеті Азаматтық және көші-қон басқармасының басшысы Ғани Зиябекұлы, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Көші-қон процессін мониторингілеу басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Әділбек Алпысбай «Отандастар Қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, «Egemen Qazaqstan» газетінің басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының Президенті, комиссия мүшесі Дархан Қыдырәлі, белглі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы және «Отандас-Ел» РҚБ төрағасы Мұқан Мамытхан т.б. комиссия мүшелері қатысты. Жиын барысында қандастардың ұлты қазақ екенін растайын анықтама, шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қолдау, әлемдік озық тәжірибе, Қазақстан телеарналарды шетелде тегін тарату мүмкіндігі және шетелдегі қазақ тілді БАҚ-ты қолдау мәселесі көтерілді.  width= – Әсіресе, Түркия, Ресей, Ауғанстан, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Иран елінде тұратын және осы елдерден көшіп келген немесе көшкісі келетін этникалық қазақтар үшін өзекті проблема. Себебі, бұл елдердегі азаматтардың төлқұжатында ұлты көрсетілмейді. Сондықтан ұлты қазақ екенін растайтын құжатты беру механизмін дұрыс жолға қоймасақ, құжаттандыру мәселесі күрделене бермек, – дейді «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов. Сондай-ақ, қоғамда жиі талқыланып жүрген Қытайдағы қандастар мәселесі де назардан тыс қалмады.  width= – Аталған мәселе жөнінде бір топ депутат Сыртқы Істер министрлігі бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев мырзамен сөйлескен едік. Бізге берілген ресми мәлімет бойынша, Қытайда тұратын 3 мыңға жуық этникалық қазақ сотталған. Бірақ, ол елдегі қандастарымыз қалай, не себепті сотталды, бұл жағын білмейміз. Тіпті, білуіміз де мүмкін емес. Бір айға жуық уақыттан бері Алматыдағы Қытай елшілігі жанында біраз наразылар бірі баласын, бірі күйеуін немесе жақын туыстарына сұрау салуда. Біз мүмкіндігіне қарай әр қандасымызға жеке-жеке қарап, көмектесуіміз қажет. Мемлекеттік тұрғыдан алып қарағанда, бұл мәселені Сыртқы Істер министрлігі дипломатиялық жолмен шешеді. Хат арқылы Сыртқы істер министрлігіне де жазамыз. Қазақ ұлтының құқығы бір-ақ жерде, Қазақстан мемлекетінде қорғалады. Басқа еш жерде қорғалмайды. Олар басқа қайда барады?! Сондықтан туыстарына сұрау салып жатқан аналарға Сыртқы істер министрлігі мен «Отандастар қоры» өкілері барып, жағдайланын білгені дұрыс. Сырттағы ағайындар шетелдің азаматы болса да, олардың жақын туыстары осында тұрып жатыр. Олар амал жоқ бізге келеді, –  дейді Парламент Сенатының депутаты, комиссия төрағасы Мұрат Бақтиярұлы. Комиссия отырысында көтерілген барлық мәселелер бірауыздан қолдау тапты. Келесі кезекте бұл мәселелер ҚР Үкіметі жанындағы шетелдегі отандастар мен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына ұсынылатын болады.  width=  width=  width=

Серіктес жаңалықтары