Атақты тележұлдызға ұқсау үшін 580 млн теңге жұмсаған ару жұртты таңғалдырды

Атақты тележұлдызға ұқсау үшін 580 млн теңге жұмсаған ару жұртты таңғалдырды

Атақты тележұлдызға ұқсау үшін 580 млн теңге жұмсаған ару жұртты таңғалдырды
ашық дереккөзі
267
Лондон тұрғыны сырт келбетін атақты тележұлдыз Ким Кардашьянға ұқсату үшін бір миллион фунт стерлинг (583 миллион теңге) жұмсады, деп хабарлайды The Sun Чали есімді кейіпкердің айтуынша, ол ешқашан желі жұлдызына ұқсау үшін пластикалық отаға бармаған. "Мен ешқашан Ким сияқты болу үшін пышақтың астына түспедім. Мен ботокс пен гиалурон қышқылын енгіздім, қазір мұны екінің бірі жасайды", — дейді табиғатынан Ким Кардашьянға ұқсайтын ару. Сонымен қатар, ұлыбританиялық ару Кардашьяндыкімен бірдей бірнеше киім сатып алған. Мысалы, 4 мың фунт стерлингке бірнеше дизайнерлік көйлек, 7 мың фунт тұратын Givenchy сән үйінің пальтосы және 1 мың фунттық Tom Ford брендінің аяқ киімін алыпты.  width= Сондай-ақ, Чали тележұлдыздың сөмкелеріне ұқсас  сөмкелерге шамамен 400 мың фунт стерлинг жұмсаған. Бұдан бөлек, ол швейцариялық Rolex сағатын 30 мың фунт стерлингке сатып алған. Кейіпкердің айтуынша, оны көрген жұрттың бәрі Ким Кардашьянға ұқсатады. "Мені үнемі көшеде тоқтатып, суретке түсуді өтініп жатады. Кимнің көшірмесі екенімді айтатындар көп. Шындығында, біздің стиліміз ғана ұқсас. Адамдар мені оған еліктеуге тырысады деп ойлайды, бірақ біз екі түрлі адамбыз", — деді ол.

Серіктес жаңалықтары