955
Құлпынай бүтін бір қаланы құрдымнан құтқарып қалды
Құлпынай бүтін бір қаланы құрдымнан құтқарып қалды
Он жыл бұрын жер сілкінісі мен цунами салдарынан құрдымға кете жаздаған Жапонияның Ямамото қаласының аяқтан тік тұруына жоғары сұрыпты құлпынай көмектесті, деп жазады Bloomberg.
Ямамото — Токиодан солтүстікке қарай бес сағаттық жерде орналасқан және шамамен 12 мың тұрғыны бар қала. 2011 жылғы наурызда жер сілкінісі салдарынан жойқын цунами көтеріпі, ол құлпынай өсіретін қалалық жылыжайлардың 97 пайызын жойды. Теңіз суы қала аумағының көп бөлігін шайып, жер дақылдардың өсуіне жарамсыз болып қалды.
Алайда апаттан төрт ай өткеннен кейін қолға алынған GRA Inc. стартапы қала экономикасын құтқаруға, ауыл шаруашылығын қалпына келтіруге және жұмыс орындарын құруға көмектесті. 2017 жылдан бастап Ямамотода құлпынай өндірісі цунамиге дейінгі деңгейге оралды, тіпті одан да жоғары дәрежеге көтерілді. Қазіргі уақытта GRA жыл сайын 400 тонна құлпынай өсіреді және оның әр данасын 10 доллардан сатады. Қаладағы ауылшаруашылық өндірісінің жартысынан көбі құлпынайға тиесілі.