Басылымның дерегінше, заң бойынша Қадыров ғана емес, оның анасы мен отбасы мүшелері күзетпен жүруге құқылы.
Шешенстан басшысы республикада қауіпсіздік және тәртіп орнағанын айтып келгенімен, соңғы бес жыл ішінде оны Ұлттық гвардияның 388-ден 430-ға дейін қызметкері қорғаған. Басылым бұл санды мемлекеттік сатып алулар порталындағы мәліметтер негізінде есептеп шыққан.
2017 жылы шенеуніктер 101,6 миллион рублге 200 күзетші жалдаған. Олардың 62-сі Қадыровтың резиденциясының, тағы 62-сі жеке хан сарайын, қалғандары Грозный қаласындағы әкімшілік ғимаратының қауіпсіздігіне жауапты болған.
Шешенстанда "Тұңғыш президенттің жесірінің әлеуметтік және басқа кепілдіктері туралы" заң бар. Оған сәйкес, Қадыровтың анасы қорғалады.
