ҰҚК Алматыда аса ауыр қылмыс жасауға дайындалған қылмыстық топты ұстады (видео)

ҰҚК Алматыда аса ауыр қылмыс жасауға дайындалған қылмыстық топты ұстады (видео)

ҰҚК Алматыда аса ауыр қылмыс жасауға дайындалған қылмыстық топты ұстады (видео)
ашық дереккөзі
292
Ұлттық қауіпсіздік қызметі Алматыда қала кәсіпкерлеріне қатысты аса ауыр қылмыс жасауға дайындалып жатқан шетел азаматтарын ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі. "2021 жылдың 18 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік қызметі Алматы қаласы бойынша департаменті полициямен бірлесіп, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді. Тәжікстанның екі азаматы және бір Грузия азаматы қала кәсіпкерлеріне қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға дайындалу кезінде ұсталды", - делінген ақпаратта. Қылмыстық ниеттерін іске асыру үшін трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қазақстан аумағына өткен. Топтың бір мүшесі 2019 жылы Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан жауапқа тартылып, елден шығарылған болатын. "Ұсталғандар бұрын бірнеше мәрте сотталған және "ұрылар қауымдастығының" әрекетіне қатысы бар. Олардың бірі қосарлы кісі өлтіру бойынша жазасын Ресейде өтеген. Екеуінің қылмыстық ортада "вор в законе" кандидаты деген лақап аты бар.  Азиз Батукаев ("Азиз"), Дэвид Герлианимен ("Дато Сван", 2017 жылы ҰҚК жауапқа тартқан) және басқалармен байланыста болған", - делінген ақпаратта. Ұсталғандардан 2 жауынгерлік тапанша, 1 келте мылтық, оқ-дәрілер, бірнеше суық қару және басқа да қару-жарақ пен қылмыс жасау құралдары табылды. Комитет ақпаратына сәйкес, топ мүшелері Алматы қаласында тәжік диаспорасының кәсіпкерлеріне тиесілі ломбардтарға, айырбастау пунктері мен тұрғын үйлерге бірқатар қарақшылық шабуыл жасау және ұрлау үшін тұрақты қылмыстық топ құруды жоспарлаған. Сондай-ақ олардан тұрақты негізде ақшалай қаражат алу үшін оларды "қамқорлыққа алуды" реттеп қоймақ болған. Қазір ұсталғандарға қатысты қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі ("қаруды заңсыз сақтау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 392-бабы ("мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту") бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде. Істің өзге де мән-жайын анықтау, сондай-ақ аталған адамдардың басқа да қылмыстарға қатысын тексеру жөніндегі жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=0ZIbC8xag24    

Серіктес жаңалықтары