Ақтөбеде студенттер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

Ақтөбеде студенттер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

Ақтөбеде студенттер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды
ашық дереккөзі
Ақтөбе автожол колледжінің екі студенті үйінің ауласында төбелесіп, бірі екіншісіне пышақ салған. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті білім мекемелерінің басшыларын шұғыл жинап, автожол колледжінің студенттері және ата-аналарының қатысуымен жиналыс өткізді. «10 наурыз күні Ақтөбе автожол колледжінің екі студенті өзара сөзге келіп, бірі екіншісіне пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылып, оған медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы тұрақты. Жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу отбасының, сондай-ақ мектеп пен демалыс мекемелерінің басты міндеті», – деді облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Ардана Саймағамбетов.